Алматыда жаңа туған нәрестенің бауырындағы жарты келі ісік алынды
Сурет: видео скрині
Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалды, оның бауырындағы жарты келі ісік алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Almaty.tv хабарына қарағанда, гемангиоманы алу үшін жасалған күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған. Дәрігерлердің сөзінше, 44 сантиметрге дейін өскен іш балаланың демалуына қиындық тудырған.
"3 ақпан күні туғанына 3 күн болған нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада "оң жақ бауырдың туабітті түзілісі" диагнозы қойылған". Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонаталды хирургі Қанат Әшірбай
Нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығы жақсы, қауіп жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript