Жаңалықтар тізбегі
0

Кәріз желісі, ауыз су, жайылым. Смайылов Жетісу облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Әлихан Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 10:25 Сурет: primeminister.kz
Талдықорғанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігі Экология министрлігімен бірлесіп, ирригациялық желілерді сапалы жаңғыртып, су объектілерін уақытылы пайдалануға беруі қажет. Сонымен бірге пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару әлі де өзекті мәселе болып отыр.

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет".  Әлихан Смайылов

Инженерлік инфрақұрылым бойынша Үкімет басшысы қолданыстағы кәріз желілерінің тозу деңгейі 58%-ға жеткенін, бұл ретте әкімдік тарапынан осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажетін айтты.

Әлихан Смайылов шешімін табуды қажет ететін бірқатар әлеуметтік мәселеге назар аударды. Мәселен, облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды, тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған. Сонымен қатар Үкімет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін өңірде жаңа 10 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылған.

"Сонымен бірге Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынады". Әлихан Смайылов

Денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы айта келе, Үкімет басшысы облыстағы 59 медициналық нысан жалға алынған және бейімделген ғимараттарда орналасқанын атап өтті.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында екі жыл ішінде осы медициналық объектілер денсаулық сақтау желісінің нормативіне сәйкес келтірілетін болады. Сонымен қатар әкімдік жер учаскелерін бөлуді және инженерлік коммуникацияларды жүргізуді жедел қамтамасыз етуі қажет".  Әлихан Смайылов

Сонымен қатар Әлихан Смайылов қаладан келетін кадрларды, әсіресе жастарды әлеуметтік қолдау арқылы ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін шешудің маңызын атап өтті. Мұнда, Үкімет басшысының айтуынша, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының құралдарын барынша пайдалану қажет.

Әрі қарай экономикалық блок мәселелері туралы сөз қозғаған Премьер-министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Сөз соңында Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді: елді мекендерде газ тарату желілерін, "Талдықорған-Үшарал" магистральды газ құбырын салу, Талдықорғанда "Басқуат" қазандығын қайта жаңарту және Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 6 ауылда сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау мен салуға, 15 апаттық жағдайдағы көпірді жөндеуге, Ақсу орталық аудандық ауруханасын жөндеуге және сейсмикалық жағынан күшейтуге қаражат бөлу мәселелерін қарастыру, сонымен бірге Кербұлақ ауданының ауруханасын жөндеуге және Талдықорғанда 500 қабылдауға арналған емхана салуға қаражат қарастыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрлігіне Алакөл жағалауындағы туристік нысандарды үздіксіз электрмен жабдықтау үшін желілер құрылысын кезең-кезеңмен қаржыландыру мәселесін қарастыру, Ұлттық экономика министрлігіне инженерлік инфрақұрылым салу және Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін анықтау тапсырылды.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, сонымен бірге ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов іске асырылып жатқан шаралар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: