Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп, оралмаған: мәйіті көліктен табылды

кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 14:20 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында жұмысқа кетіп, кейін оралмаған 47 жастағы әйелдің мәйіті көліктен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты бар, зорлықпен өлтірілген, жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Polisia.kz

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: