Жаңалықтар тізбегі
0

Министр: Еліміздегі озық тәжірибелі педагогтардың республикалық базасы құрылады

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 11:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрі Алматыға іссапары кезінде педагогтар және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажет екеніне ерекше тоқталды.

Ведомство басшысының айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау ұйымдастырылады, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту.

"Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда мониторингтік зерттеулерге сәйкес, жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар "Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві" жасақталады. Резервтегі менеджерлерді "Болашақ" бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтарының республикалық базасы құрылады". Ғани Бейсембаев

Кездесу барысында арнайы білім беру, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернатының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар бір қатар білім мекемелеріне барып балалар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі барысымен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: