Индустрия министрі Astana LRT құрылысына қанша қаражат бөлінгенін мәлімдеді

Индустрия министрі Astana LRT құрылысына қанша қаражат бөлінгенін мәлімдеді Сурет: primeminister.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Astana LRT құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаевтың сөзінше, биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған.

"Бұған дейін Astana LRT құрылысына қатысты біз және басқа да әріптестеріміз түсінік берген. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған. Республикалық бюджеттен қаржыны бөлу мәселесі парламентте талқылып, қаулыға қол қойылуы керек. Сәуірде қаржыны әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз", - деді Марат Қарабаев.

Министр ведомство әкімдікпен де сөйлескенін айтты. Әкімдік 2 мәселені көтерген.


"Біріншіден, (Astana LRT құрылысын) әуежайдан бастаймыз деді, екіншіден, пойызды сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Пойыздың қай жақтан сатып алынатынын айта алмаймын. Бүгін жобаға қаржы бөлу мәселесін республикалық бюджетте қарастырдық. Одан кейін жергілікті органға жер беру, ол мердігерге жер беру мәселесі бар. Соның нәтижесінде (құрылыс – автор) басталады".Марат Қарабаев



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз