Жаңалықтар тізбегі
0

Банкрот болғандар жоғары жалақы ала ала ма – Қаржы министрлігі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, банкроттық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 15:49 Сурет: pixabay
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов Орталық коммуникациялар қызметінде банкрот деп танылған адамдар жалақысы жоғары жұмысқа орналаса ала ма деген сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметiнiң өкiлдерi банкрот деп танылған азамат ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен бiрнеше есе жоғары жалақыға жұмысқа тұрған жағдайда не болатынын сұрады.

"Банкроттықтан кейін, айталық, заңды түрде жұмысқа тұрып, жалақы ала бастаған адамдарға келетін болсақ, оларға ешқандай шектеулер мен айыппұлдар қолданылмайды, өйткені бұл еңбек қатынастары, ал егер ол жоғары білікті маман болса, ол жоғары жалақы алуға толық құқығы бар". Қайрат Миятов

Сондай-ақ ол банкроттық бірқатар өте ауыр зардапқа әкеп соқтыратынын еске салып өтті. Оның ішінде несие алуға бес жылға шектеу қою және борышкердің жағдайын қаржылық бақылау бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: