Жаңалықтар тізбегі
0

Жәбірленушілерге 312 млн теңге көлемінде өтемақы төленді – Бас прокуратура

Бас прокуратура, өтемақы қоры, жәбірленушіге берілетін өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 11:17 Сурет: Zakon.kz
2 наурыз күні ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жәбірленушілерге өтемақы қорынан 312 млн теңге көлемінде қаржы төленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері жәбірленушілерге өтемақы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап төлене бастағанын атап өтті.

Көмек алушылар:

  • жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып саналатын кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар;
  • денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар;
  • жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар.

Азаптау құрбандарына өтемақы 30 АЕК (ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша) және 40 АЕК (ҚК 146-бабының 3-бөлігі бойынша) мөлшерінде тағайындалады.

Жәбірленуші өтемақыны алу үшін тергеу органына мына құжаттарды ұсынуы қажет:

  • жәбірленушінің не жәбірленушінің құқықтары берілген адамның өтініші;
  • жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың не жәбірленушінің өтемақы алу құқығына ие адамның жеке басын және құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған жәбірленушінің не жәбірленушінің құқықтары берілген адамның банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
  • адамды жәбірленуші деп тану туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулысының көшірмелері;
  • жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың көшірмелері;
  • жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – оның қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмелері.Қор барлық сотталған адамдардан сот үкімімен өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемдер есебінен қалыптастырылады.
"Өтініш берудің ескіру мерзімі адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жылды құрайды, өткізіп алған мерзімді жәбірленушінің өтініші бойынша сот қалпына келтіреді". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қордың мақсаты – қылмыстан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыс ашылмағандықтан немесе кінәлі сот төрелігінен жасырынғандықтан өтемақы алмаған азаматтарды қолдау.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: