Израильде сот реформасына қарсы шеру болды

Израиль, шеру, сот реформасы Сурет: pixabay
Израильде сот реформасына қарсы шеруге шыққандарды полиция күшпен таратты. Ел президент Ицхак Герцог үкімет пен оппозицияны диалогқа үндеп, ел конституциялық және әлеуметтік күйреу алдында тұрғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Демонстранттарды тарату үшін тәртіп сақшылары құлақ тұндыратын гранаталар мен су атқыштарды қолданды, деп мәлімдеді Qazaqstan телеарнасы. Олар Тель-Авивтегі көлік жолдарын жауып тастаған еді.

Биньямин Нетаньяху үкіметінің сот жүйесін өзгертуге бағытталған қадамдарына наразылық бірнеше аптадан бері тыйылмай жатыр. Демонстранттардың пікірінше, бұл реформа соттардың тәуелсіздігіне, Израиль демократиясына нұқсан келтіреді.

Ал министрлер болса, жаңа заң билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі деп мәлімдеді. Олар шеруге қатысушыларды анархистер деп атады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз