Жаңалықтар тізбегі
0

Президент екі полицейді ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтады

ҚР ІІМ қызметкері, полицей, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 15:32 Сурет: akorda.kz
7 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатта қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін

ІI дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Әріпжанов Арман Талғатұлы  – Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданының полиция басқармасының жедел уәкілі;
  • Қоңысов Бекен Кеңесұлы  –  Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі наградталсын, деп жазылған.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады.

Биыл 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: