Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

қар көшкіні Сурет: zastavki.com
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13:00 шамасында республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" тасжолының 62-шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті.

Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы – 4 метр, ені – 3 метр, биіктігі – 1 метр. 

"Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз