Жаңалықтар тізбегі
0

Бразилияда пойыз мектеп автобусымен соқтығысты

Бразилия, автобус, пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 17:58 Сурет: видеодан скриншот
Бразилияда пойыз 25 оқушысы бар мектеп автобусына соғылды. 11 және 15 жастағы екі бала қаза тауып, бес оқушы мен мұғалім жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебақылау камералары пойыздың мектеп автобусына соғылған сәтін түсіріп алған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Парана штатында болды, деп жазды Daily Mail.

Автобуста Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен достары қауымдастығының 25 оқушысы мен үш мұғалімі болған. Кем дегенде төрт адам автобустан жол жиегіне шығып кеткен.

Автобус жүргізушісі полицияға жауап берді. Ол пойызды көрмегенін айтты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Парана штатының губернаторының міндетін атқарушы Дарсиа Пиана үш күндік қаралы күн жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: