Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте көпірден секірген жігіт: Баспен түскім келген...

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 09:22 Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік дәрігерлер екі күн бұрын өмірімен қош айтысқан 40 жастағы жігіттің хал-ахуалы туралы айтты. Бүгіндері жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған ер адаммен токсиколог, травматолог және психотерапевт дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, 40 жастағы ер адам өмірдегі қиындықтарға байланысты осындай қадамға шарасыздықтан барған. Ол алдымен жұмыссыз қалған, одан кейін отбасынан және баспанасынан айырылған. Жан жарасын жеңілдету үшін ішімдіктен алған жігіт ағасы ақырында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің үстіне шығып алып, төменге секірген. Алайда сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың әрекетінің арқасында соққыны жұмсартуға мүмкіндік болыпты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

"Өлгім келді. Қазір үйсізбін. Қыздарыма да, әйеліме де бір көмегім жоқ. Ал туыстарым мені көрсе айналып қашады. Баспен түскім келген, бірақ жеме-жемге келгенде қолымнан ұстап қалды, жерге аяғыммен түстім",— дейді ол.


Дәрігерлердің айтуынша, науқас бір күн жансақтау бөлімінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Зардап шеккен адаммен токсиколог, травматолог және психотерапевт дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.


"Ол жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда 8 наурызда түнгі сағат 1:50-де біздің ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем дәрігерлері оның мас болғанын және алты метр биіктіктен секіргенін айтты. Бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, белдің, омыртқаның жабық сынығы және оң жақ жіліншік сүйектерінің жабық сынығы тіркелді. Ол бір күн бойы жансақтау бөлімінде болды, бүгін политравматология бөліміне ауыстырылды. Қазір ол шокқа қарсы терапия және жалпы симптоматикалық ем-дом шараларын алып жатыр".Шымкент қаласының №1 ауруханасының травматолог-дәрігері Асхат Абдумауленов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: