Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ең ерекше 5 кітапханасы қай қалаларда

Қазақстанның ең ерекше 5 кітапханасы қай қалаларда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 10:59 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі ең ерекше кітапханалар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Ең алғашқы кітапхана

Еліміздегі тұңғыш кітапхана 152 жыл бұрын (1871 жылы) Орал қаласында ашылды. Кітапхана ғимараты қаланың ең көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіші ретінде танымал. Бүгінде Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өңірдегі 360 кітапхананың әдістемелік орталығы саналады.

2. Ең көп қолжазба мен сирек қорлар сақталған кітапхана

Еліміздегі сирек қорлар мен қолжазбаларға бай кітапхана - Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды.

3. Ең үлкен кітап қоры бар кітапхана

Еліміздегі кітап қоры ең үлкен кітапхана – Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасы. Мұнда 7 миллионнан астам кітап бар. 1910 жылы іргетасы қаланған кітапхана 1931 жылы үкімет қаулысына сәйкес Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылған. Бүгінде Ұлттық кітапхана республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде танымал.

4. Ең заманауи кітапхана

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы модернизациядан кейін "Ең заманауи кітапхана" атағына әбден лайық. Кітапхана жанынан коворкинг-орталық ашылғалы бұл жер жастардың бас қосатын әдеби және мәдени демалыс орнына айналған. Кітапхана OpenSpace форматында қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін мұнда Silent zone (тыныш аймақ), Single zone (жеке аймақ), Public spase (топтық аймақ), Atrium (атриум) қарастырылған.

5. Ең цифрлы кітапхана

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы цифрлы және электронды контент бойынша еліміздегі ең үздік кітапхана саналады. 2004 жылы ашылған кітапхана «Қазақстандық электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» (kazneb.kz) жобасын жүзеге асырып отыр. Аталған порталға еліміздің мәдени-әдеби, тарихи құндылықтарына қатысты 70 мыңнан аса электронды контент енгізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: