Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда бір жігітті бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, қорқытып 500 мың теңге талап еткен бір топ адам ұсталды

Ақтау, полиция, бопсалау, адам ұрлығы, қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 13:07 Сурет: polisia.kz
Жәбірленушінің айтуынша, бір топ адам оны бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, атыс қаруымен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, жәбірленушіге тиесілі автокөлікті алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, бопсалау фактісіне күдікті 26 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы оның жолаушысын ұстады.

Полицейлер автокөлікті тінту барысында патрондары бар "ПМ" маркалы жауынгерлік тапаншаны тауып, тәркіледі. Күдіктілердің уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында пәтерден бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Ақтау, қару, адам ұрлығы, бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 13:07

Сурет: polisia.kz

Басқа екі мекенжайды тінту кезінде 25, 26 және 28 жастағы бопсалау дерегіне күдіктілер анықталды. Олардың тұрғылықты жерінен полицейлер тағы бір тапанша, екі мылтық және оларға оқ-дәрілер тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ Opel Vectra көлігі табылды. Оны ұсталғандар жәбірленушіден күшпен тартып алғаны белгілі болды. Бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: