Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да қызыл су бөгетті шайып, жақын маңдағы елдімекенге қауіп төндірді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 20:54 Сурет: видеодан алынды
Ақбұлақ ауылында еріген қар суы бөгетті шайып, қызыл су елдімекенге қарай жайылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің ТЖД деректеріне сәйкес, 11 үй орналасқан екі көшені (Ақбұлақ және Желтоқсан) су басып, 44 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында жеке құрамның 40 адамы, 5 техникасы және 3 мотопомпалар жұмыс істеп жатыр.

"200 қап төселді, 10 тонна құм дайындалды. Жағдай бақылауда", - деді департаменттен.

Сонымен қатар, Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы екі тұрғын үй мен есік алдын су алуы салдарынан 6 адам (2 отбасы, 5 ересек адам (инсульттан кейін бір мүгедек), 1 бала) эвакуацияланды. Барлық адамдар туыстарының үйіне орналастырылды. 12 ірі қара, 30 ұсақ мал көршілердің қорасына өткізілді.

"Су үйдің іргетасына дейін көтерілді, қазіргі уақытта су деңгейінің төмендеуі байқалады. Көрші үйлерді су басу қаупі бар. Оқиға орнында Жымпиты ауылдық округінің әкімі, Сырым ауданының әкімі мен оның орынбасары, аудан прокуроры бар. Одан бөлек Сырым ауданы әкімдігі аппаратынан 30 адам, 3 техника, 2 тиегіш құрал, 1 Камаз, аудандық полиция бөлімінен 3 адам, орталық аудандық аурухананың психологы, жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті ведомстводан.

"Сенім телефонына" көмек сұрап, тәулігіне 55 қоңырау келіп түскені де нақтыланады.


"Мұздың бетінен 100 ойық бұрғыланды (Қаратөбе ауданының Шиелі өзенінде). Қаптар төселді – 3 650 дана (барлығы 6 591 дана). Жұмылдырылған күштер мен құралдар: 1 225 адам (ТЖД – 109, ЖАО – 678, 5517 ӘБ – 40); 392 техника (ТЖД – 25, ЖАО-277, 5517 ӘБ -1); 124 мотопомпалар (ТЖД – 28, ЖАО – 96); 73 су айдау техникасы (ЖАО); 5 жүзу құралы (ТЖД)", делінген ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: