Қазақстандық құтқарушыларға жұмыс кезіндегі қауіп үшін қосымша ақы төленеді

2 мыңнан астам құтқарушға қосымша ақы төленеді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қосымша ақы жедел-құтқару жасақтарының, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының және "Қазселденқорғау" ММ авариялық-құтқару функцияларын орындайтын негізгі персоналдың қызметкерлеріне төленеді.
Жалпы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Бөлісу
0
Толық оқу