Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Сурет: primeminister.kz
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке келді. Ол QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында жариялады.

Гүлмира Қаракөзова QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағының қатары жаңа қызметкермен толыққанын атап өтті. 
"QazMed Республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиакпар Мәтішев әріптестерін қарсы ала отырып, медициналық қызметкерлер әлеуметтік әріптестікті дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановтан үлкен үміт күтетінін атап өтті", – деп жазды Гүлмира Қаракөзова.
10 ақпанда апелляциялық сот Біртанов пен Әбішевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

29 желтоқсан күні Астана қаласының соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот тергеуін қайта қозғау туралы адвокаттардың өтініштерін қанағаттандырмады, бұдан кейін қорғаушы тарап сот алқасына наразылық білдірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз