Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жер , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 17:20 Сурет: pexels
15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның негізгі мақсаты – жер қатынастары саласында заңдылықтарды бұзу бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру  және жер пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органға аталған мәселелерге қатысты әкімшілік істерді қарау өкілеттіктерін беру.

Жалпы, заң жекелеген баптар бойынша жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға бағытталған.

Сонымен қатар жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды іске асыратын органдардың өкілеттіктерін қайта қарау көзделген.

Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: