Теннистен Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Теннис Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакинамен бірге бірнеше ойыншыны таңдап алған.

Қазақстан намысын сондай-ақ әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингте 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды. Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).

Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз