Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда аяқ киім 20% қымбаттауы мүмкін

аяқ киім, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 01:51 Сурет: pixabay
Елімізде аяқ киім 20% қымбаттауы мүмкін. Бұл биыл 1 сәуірден бастап күшіне енетін аяқ киімді таңбалау туралы заңға байланысты енгізіліп отыр, яғни әр аяқ киімді таңбалау кәсіпкерлер үшін қосымша шығын, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанда 1 сәуірден бастап арнайы таңбасы жоқ аяқ киімдерді сатуға тыйым салынады. 

"Мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Демек QR код алып, таңбалай қоятындай жеңіл процесс емес. Алдымен сен кодты аласың, одан кейін оны іске жарайтындай етіп, іске қосасың. Одан кейін әр кодты елге кіргізу үшін арнайы базаға енгізесің. Ең қиыны сол. Түсінесіз бе, әр кодты бөлек жүктейсің. Мәселен, ең аз дегенде 4 500 жұп аяқ киім болса, соның әрқайсын реестр сайтына енгізіп отырасың. Мұның барлығы кәдімгі күш. Қосымша еңбек күші қажет болады. Уақыт алатыны және бар. Әрі қып-қызыл шығын". Сатушы Дәмир Жексембеков

Алайда жауапты мамандар мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, бір жұп аяқ киімді таңбалау құны бар болғаны 2 теңге 68 тиын. 

"Жалпы алып қарасақ, мемлекет үшін аяқ киім нарығын бақылау және де заңды-заңсыз жүзеге асырылып жатқан бизнес өкілдерін тең дәрежеде бәсекелестік қалыптастыру болып келеді. Мысалға алып қарасақ, елімізге аяқ киім заңсыз кіріп жатыр ғой, бізге бұл заттың шығу тегі, яғни тауар өндірушіден сатып алушыға дейінгі кезең бақыланады. Сонымен бірге бізге қанша көлемде аяқ киім кіріп жатқанын көре аламыз". ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жеңіл өнеркәсіп басқармасы бас сарапшысы Ерболат Боранбай

Елімізде жыл сайынғы аяқ киім импорты - 90 млн жұп. Оның тек 45 миллионы, яғни жартысы ғана ресми түрде әкелінеді екен. Ал аяқ киімді таңбалауды енгізу бейресми импортты азайтуға және елдегі аяқ киім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді деген пайымда.

"Мен мұны дұрыс деп санаймын. Себебі өзіміздің отандық тауар өндірушілер арасында бәсеке пайда болады. Сырттан оңды-солды тауар тасымалдайтындардың сарыны тоқтайды. Бұл, әрине, жағымды әсерін береді. Сонымен бірге аяқ киімді сатқан уақытта арнайы таңба автомат түрде салық инспекциясының базасына түседі. Олар сол кәсіпорынның ашықтығын көріп отырады. Сондықтан біз отандық кәсіпкерлердің дамуы үшін мүдделі болуымыз керек". Бас директордың орынбасары Шамухтар Шаюнусов

Ал аяқ киімді таңбалау туралы пилот жоба осыдан екі жыл бұрын енгізілді. Әрі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын "Атамекен" палатасымен бірлесе отырып әзірленген. Арнайы заң 1 сәуірден бастап күшіне енгенімен, әкімшілік жазаға әзірше ешкім тартылмайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: