Абай облысында мектеп директоры мұғалімдерді ауыр жұмысқа жеккен

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 16:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Абай облысы Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия директоры ұстаздарды ауыр жұмысқа жеккен. Мұғалімдерге сынып бөлмелері мен спорт залын жөндеткен.

Тіпті басшының үйі мен қыстағында құдық қазып, қорасы мен моншасының құрылысын жүргізген. Әбден мезі болған 19 ұстаз білім басқармасына шағымданады. Тексерістің қорытындысы бойынша Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды.

"Мен енді мектептің ішін, спортзалын да істедім. Мектептің пластик терезелерін де істедім. Акт залына жөндеу жасадық, жалғыз мен емес ұлдардың бәрі істеді. Үйінің жұмысын істедік. Қыстағының жұмысын істедік." Ернар Нұрғазин, мектеп мұғалімі

Ұстаздар қызметінен кеткен директор әлі де маза бермейтіндігін айтады. Өйткені басшылықтан босаған соң, информатика мұғалімі болып жұмысқа тұрған. Содан бері қысым қайта жалғасқан. Тіпті оның ерсі қылықтары бейнебақылау камерасына да түсіп қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал білім ошағының бұрынғы басшысы әріптестерінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ол қара жұмысқа ешкімді салмадым, ешкімге ауыр сөз айтпадым дейді.

"Мені жұмысқа салды, 9 жыл бойы үйге салды деген маған тағылған айытаптар жалған. Өз ниеттерімен істейміз деді. Қазіргі заманда ешкімді мәжбүрлеп жұмысқа апармайды." Роллан Тілеуханов, мектептің бұрынғы директоры

Соңғы жайт бойынша тағы тексеріс жүргізіліп, басы дауға қалған Роллан Тілеухановқа сөгіс берілген. Алайда бұл аз, дейді мұғалімдер. Олар ар-намысымызды таптаған адам тиісті жазасын алсын деп талап етуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: