Желідегі оқушылар төбелесінің видеосы. Мектеп директоры дәретхананы бұздыртып жатыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 21:56 Сурет: pexels
Алматы облысында оқушылардың төбелесінен кейін мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісі сөгіс алды. Дәрігерлердің айтуынша, төбелес кезінде басынан қатты соққы алып, есінен танған 11 сынып оқушысының жағдайы жақсы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғардағы білім ошағының басшысы ерегес сөзге келмей қалған тек екі оқушының арасында болғанын айтады. Алайда зардап шеккен баланың ата-анасы мұнымен келіспейді. Олар баламды жабылып сабаған деп санайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте желіде төбелескен балалардың видеосы жарияланды. Видеода төбелеске куә адам оқушыларды тарқату үшін сөз көтереді. Бірақ оның айқайын ешкім елемеген соң ол балаларға қарай тас лақтыруға мәжбүр болады. Сол кезде бірнеше бала жан-жаққа тым-тырақай қашады. Тек біреуі жерде сұлап жатқан.

Сұлап жатқан баланы мұғалімдер жедел жәрдем көлігіне көтеріп кіргізген. Талғар қаласындағы мектептің дәретханасында 11 сыныптың оқушылары төбелескен. Соның салдарынан 17 жастағы Ерлан басынан алған қатты соққыдан есінен танып қалған. Миы шайқалған бозбаланың жағдайын дәрігерлер жақсы деп айтады.

Түскен кезде зертхана зерттеуі, компьютер томографиясы жасалды. Бас жарақаты анықталды. Сүйектері сау. Қазір жағдайы бірқалыпты. Болашаққа ешқандай қауіп жоқ. Бала есін біледі, сөйлеп отыр. Травматолог Руслан Төреқұлов

Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектептің ішінде де, сыртында да дәретхана бар. Білім ошағының басшысы кешегі кикілжіңнен кейін ауладағы дәретханы бұздырып жатыр. Директор жанжал екі баланың арасында болғанын жеткізді. Оның айтуынша, сөзге келіспей ерегескен жоғарғы сынып оқушылары үзіліс кезінде жаға жыртысып, өзара кім мықтыны анықтаған.

Төртінші, бесінші сабақтың үзілісінде даладағы дәретханада болған жағдай. Ол жерде екі бала тіл табыса алмай төбелескен. Қасында ешкім болмаған. Баланы жабылып ешкім ұрған жоқ. Ол екі баланың арасында болған жағдай. Ұрған баланың да, жарақат алған баланың да жанұясы толық. Әке-шешесі бар. Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектептің директоры Зәмзәгүл Төлеубекқызы

Алайда жарақат алған баланың анасы директордың сөзін теріске шығарды. Сапаргүл Байымова тұңғышымды бірнеше оқушы тепкінің астына алды деп топшылайды.

Оқи отырыңыз: Талғарда оқушылар төбелесіп, бірі ауруханаға түсті

Негізі менің, 9- сыныпта оқитын баламды 11-сыныптың балалары ұрайын деген. Соны ағасы қорғаштаймын деп барып. тепкінің астында қалып, басынан жарақат алды. Жабылған деп тұр. Негізі бір баланың соққысынан олай құлап, басы жарылатын жағдайға жетпейді ғой. Демек бұл жерде екі-үш бала. Балам аяғынан тік тұрып кеткенше, мен ешқандай кешірім бере алмаймын.Сапаргүл Байымова

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Облыс білім басқармасы бозбалалар арасындағы төбелестен кейін мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісіне сөгіс жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: