Жаңалықтар тізбегі
0

БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны азайтады

БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны азайтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 15:52 Сурет: primeminister.kz
Сенаторлар қазақстандықтардың зейнетақы шотына қызметі үшін алынатын комиссиялық алымды азайтуды көздейтін түзетуді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзету жаңа Әлеуметтік кодекстің бір бөлігі ретінде қабылданды.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінің айына 0,01%-дан 0,008%-ға азаяды. Осы жерде айта кететін жайт, бұл ереже БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар барлық 11,9 миллион салымшыға қатысты болады және олардың зейнетақы жинақтарына оң әсер етеді", - деді сенат депутаты Ләззат Қалтаева.

Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді қазақстандықтардың зейнетақы шоттарынан БЖЗҚ қызметі үшін азырақ ақша алынатынын растады.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры біздің жинағымыздан 0,01%-ды алып жүрген еді. Бұны біздің активіміздің қызметі үшін алады. Енді сол қызмет 0,01%-дан 0, 008% болып азайды, түсті. Яғни біздің зейнетақы жинағымыздан алынатын қаражат кемиді. Көбірек біздің есепшотымызда қалады", - деп түсіндірді министр Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова зейнет активі 1998 жылдан бүгінгі күнге дейінгі әр қазақстандықтың жеке есепшотына әсер ететінін айтты.

"Қаншалықты көп не аз екені кімнің қандай зейнетақы жинағы бар екеніне байланысты. Ол жақта азаматтың 100 мың теңгесі болса, аз болады (айырма – ред.). Ал егер сізде 10 миллионнан астам жинақ болса, әрине, бұл сіздің аккаунтыңызда бірден көрініп тұрады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Парламент Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдады. Тамара Дүйсенованың айтуынша, құжат мемлекеттік қолдау парадигмасын түбегейлі өзгертеді, ол зардаптарды жоюға емес, қиын өмірлік жағдайлардың алдын алуға бағытталады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: