Алматыны қалың тұман басты: әкімдік алматылықтарды мұқият болуға шақырды

Алматы, Алматы әкімдігі, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 16:42 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі қаланы қалың тұман басуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 наурыз күні Алматыны қалың тұман басты.

Әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, күндіз ауа температурасы +8 + 10 °C болып тұр.

Бұған қоса синоптиктер кешке қарай жолдың көрінуі нашарлап, кей жерде көктайғақ болады деп болжады.

"Жүргізушілерге жолда мұқият болуға кеңес береміз", – делінген хабарламада.

Синоптиктер алдағы үш күнде Алматыны қалың тұман басатынын болжады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: