Астана тұрғыны үйінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткіні сақтаған

Астана тұрғыны үйінде синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаған. Полицейлер 26 жастағы тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жігіт тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде зат салмағы шамамен 1 келі 200 грамм мефедрон болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
0
Толық оқу