Қателесіп басқа кандидатқа дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма

 Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау, бүлінген бюллетень, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 10:13 Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке лақтырғанға дейін өзгертуге болады.
"Егер сайлаушы өзі қатесін көрген болса,бюллетеньді (комиссия мүшесіне – ред.) апарып, дұрыс белгілемегенін айтып, ауыстыра алады. Онда бірінші бюллетень бүлінген деп есептеледі де, пайдаланылмаған сайлау парақшаларымен бірге жойылады". Айгүл Қалықова

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы сайлау бюллетенін тек бір рет өзгертуге болатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: