Жаңалықтар тізбегі
0

Сарысуда сайлау учаскесіне жаңа құдалар келді

Сарысуда сайлау учаскесіне құдалар келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 15:38 Сурет: Сарысу әкімдігі
Бүгін - еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР парламенті мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Елімізде өтіп жатқан сайлаудың маңызын терең түсінген әр азамат өз таңдауын жасайды.

Осыны сезінген Сарысу жеріне сонау Маңғыстау облысынан келген құдалар да өз дауысын берді. Қазақта "Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық" деген жақсы сөз бар. Сарысу жеріне қыз беріп, құдалыққа келген маңғыстаулық құдалар бұл сайлаудың маңызды екенін айтып өтті.

Құдалар Жаңатас қаласындағы Спорт кешенінде орналасқан №363 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады. Жалпы дауыс берушілер саны – 2784. 

Сарысуда сайлау учаскесіне құдалар келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 15:38

Сурет: Сарысу әкімдігі

"Биылғы сайлау өте белсенді өтіп жатыр. Елімізде болғанымызда 5 бюллетень алып, өз таңдауымызды жасайтын едік. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, саяси оқиғаға қай жерде болсақ та, үлесімізді қосуымыз керек деп шештік. Саялы Сарысу жеріне қыз беріп, құда болған алғашқы қадамымызды сайлаудан бастағанымызды жақсылыққа жорып отырмын. Таудауымыз − еліміздің болашағы, кемел келешегі", −деді маңғыстаулық Берік Нұрбергенов құда.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: