Мәжіліс сайлауы: алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауалнаманы "Еуразиялық интеграция институты" жүргізген.
Институттың әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде exit poll нәтижесін мәлімдеді.
Exit poll нәтижесі төмендегідей:
- Amanat партиясына сайлаушылардың - 53,46%-ы;
- Ауыл партиясына - 10,52%-ы;
- Respublica партиясына - 8,9%-ы;
- Қазақстанның халық партиясына - 6,25%-ы;
- "Байтақ" жасылдар партиясына - 3,22 %-ы;
- "Ақжол" партиясына - 7,87%-ы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 5,31%-ы;
- "Бәріне қарсы" - 4,47%-ы дауыс берген.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript