СОЦИС-А институты exit poll нәтижесін ұсынды

сайлау Сурет: Zakon.kz
СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Мәжіліс және мәслихат сайлауының exit poll нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нәтижесі мынадай:

  • Amanat партиясына сайлаушылардың - 54,42%-ы;
  • "Ауыл" партиясына - 10,21%-ы;
  • Respublica партиясына - 8,79%-ы;
  • "Ақ жол" партиясына - 8,21%-ы;
  • Қазақстанның халық партиясына - 6,89%-ы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 4,91%-ы;
  • "Байтақ" партиясына - 2,17%-ы;
  • "Бәріне қарсы" 4,40%-ы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

Шетелдегі учаскелерінде 5 мыңға жуық қазақстандық сайлауға барған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз