Жаңалықтар тізбегі
0

Риддердегі жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынды, тұрғындар үшін жылу тарифі төмендеді

Риддер ЖЭО, Риддер, апат, өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 13:11 Сурет: Zakon.kz
Уәкілетті органдар Риддердегі жылу электр орталығына қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.

2022 жылдың қараша айында Риддер қаласының жылу электр орталығында апат болды, бұл қала тұтынушыларына жылу берудің төмендеуіне әкеп соқтырды.

"Тексеру нәтижелері "Риддер ЖЭО" АҚ - ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті. 240-тан астам заңнамаларды бұзу фактілері анықталды".Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Прокуратураның ұсынысы бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында 548 млн. теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды.

"Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18%-ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

23 наурызда сағат 07.50-де Риддер ЖЭО №6 қазандығында апат болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: