Қазақстан боксшылары Үндістанда өткен әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары Үндістанда өткен әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Қоржында алты медаль бар. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) пен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) екінші орынды иеленді.

Сонымен қатар команда қоржынында төрт қола медаль бар. Оларды Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) жеңіп алды.

Бұған дейін Ләззат Күнгейбаева бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында марокколық қарсыласынан жеңіліп қалған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз