Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 12:18 Сурет: mcdonalds.kz
Айыптаушы тарап Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп қана қоймай, онымен бірге сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова:

«Қ.С.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 28-баптың 5-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 218-бап, 3-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 58 баптың 3-бөлігі бойынша неғұрлым жеңіл жазаны үлкенірек жазамен сіңіріп, ақырында Боранбаевты мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

2022 жылғы 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сонымен қатар "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сотталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Бұл іс бойынша сот отырысы Астанада 30 желтоқсанда басталды.

Қайрат Боранбаев пен "АзияГазЧунджа" ЖШС-нің екінші құрылтайшысы Роман Нахановқа сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру, заңсыз ақша мен мүлікті заңдастыру қылмысына қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: