Алматыда ертең бірнеше автобустың бағыты өзгереді

Алматыда жеңіл атлетика чемпионатының өткізілуіне байланысты 29 наурызда автобус маршруттары бір күнге өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы мобилділік басқармасының мәліметінше, келесі автобустардың қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілді:
- № 105 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге оңға қарай бұрылып – "Атлетикалық ауыл ТК" аялдамасына барғаннан кейін кері қарай бұрылып (шығыс) – Аднан Мендерес к-сі - Момышұлы к-сі – әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;
- № 19 – Батыс бағытта – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – Нұркент соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;
- № 201 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – "№209 мектеп-гимназиясы" соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өөзгеріссіз.
Бөлісу
0
Толық оқу