Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушылардың ораза ұстауына бола ма? Имам Нұрлан Байжігітұлының жауабы

Нұрлан имам, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 02:18 Сурет: instagram.com/nurlanimam.kz
Имам Нұрлан Байжігітұлы оқушылардың ораза ұстауына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Имамның сөзінше, оқушылар ең әуелі денсаулығына мән беруі керек. Сабақта ұйықтап, оның оқуына зияны тисе, онда ораза ұстамағаны жөн.

"Балалар балаға қарап еліктеп, ораза ұстауы бұл қоғамның түпкі тәлім-тәрбиесіне келіп тіреледі. Ол да бір үлес. Бірақ ораза ұстаған балалар бір нәрсені аңғаруы керек. Денсаулығына қарауы керек. Жалпы оразаның негізгі шарты сол ғой, адамға зиян келмейтін адам ораза ұстауы керек. Ораза арқылы басы айналып құлап қалмауы керек, оның оқуына зияны тимеуі керек. Сабақта отырып, ұйықтап қалатындай болмау керек".Нұрлан Байжігітұлы

2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні – Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Биыл пітір-садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: