Жаңалықтар тізбегі
0

Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылданады

Адам саудасына тосқауыл қою үшін заң қабылданады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 12:09 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Мұндай Заң адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл үдемелі көші-қонның жаһандық және аймақтық процестері жағдайында өте өзекті. Заң ең озық әлемдік тәжірибені қамтуы қажет, бірақ, әрине, ұлттық мүдделерімізді ескере отырып. Сондықтан оны әзірлеуге отандық сарапшылармен, заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері де атсалысуы керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары Еш кедергісіз берілуге тиіс.

"Жұрт заңдардың кейбір ережелеріне наразылық білдіріп, шағым айтуда. Конституциялық Соттың шешімдері кейбір шағымдардың орынды екенін көрсетіп отыр. Яғни, заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қолдану ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуға тиіс. Заңдарымыз Конституцияға толық сай болуы керек. Парламент осы маңызды мәселеге байланысты табандылық танытып, басты рөл атқаруы қажет. Бұл жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін күшейте түсуге мүмкіндік береді". Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: