Қазақстан мен Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты

су тасқыны Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Қостанай облысындағы Ресеймен шекарада орналасқан "Желқуар" автомобиль өткізу пункті су тасқыны салдарынан уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі таратқан хабарламада.
"Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Көлік жүргізушілеріне осы жағдайды ескеріп, қозғалыс бағытын түзету ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз