Рим Папасы Франциск ауруханаға түсіп қалды

Рим Папасы Сурет: akorda.kz
Респираторлық инфекцияға шалдығуына байланысты Рим Папасы Франциск Римдегі ауруханаға жатқызылды. Оның мұнда бірнеше күн ем-дом алатыны нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

BBC News Ватиканға сілтеме жасай отырып, 86 жастағы понтификтің соңғы күндері тыныс алу жолдарына қатысты проблемалары болғанын, бірақ оның коронавирус емес екенін хабарлайды.

Рим Папасы Франциск "ауруханада бірнеше күн тиісті медициналық ем-дом шараларын алады". 

"Рим Папасы өзінің тез сауығып кетуін тілеп, ілтипат танытқандарға және өзі үшін дұға етушілерге ризашылығын білдіреді", делінген Ватикан мәлімдемесінде.


Сәуір айы - Рим Папасы Франциск үшін жыл бойындағы ең қарбалас уақыт, өйткені көптеген іс-шаралар мен қызметтер Пасха мерекесі алдындағы демалыс күндерге жоспарланған.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз