Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның студенттер оркестрі Батыс жұртшылығын тәнті етті

Ержан Максим, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 21:50 Сурет: видеодан алынды
Қазақ ұлттық өнер университетінің жастары Италияға гастрольдік сапармен барды. Ұжымның 25 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада классикалық төл музыканың майталмандары жастармен бір сахнада өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" мәліметінше, Италиядағы гастрольдер Римнің Гионе театрында түйінделді. Қорытынды концертте студенттердің симфониялық оркестрі мен оқытушылар құрамының солистері бір сахнада өнер көрсетті. Бұған дейін қазақ өнерпаздары Генуя, Милан және Сан-Ремо көрермендерін шаттыққа бөледі.

"Мен Үкіметке көп рақмет айтамын, біздің Президентімізге көп рақмет. Біздің болашағымыз зор болсын деп бізді шетелге шығарып, әлемге көрсетіп жатыр. Біздің ел үшін, халқымыз үшін бәріміз де істейміз ғой. Италиялық көрерменнің талғамы өте жоғары. Бұл жерде опера әндерін орындау емтихан тапсырғанмен бірдей". Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева

Астаналық солистер – Талғат Мұсабаев, Салтанат Ахметова, Сүндет Байғожин жергілікті меломандарды таңдай қақтырды. Жас әрі хас талант Ержан Максим әйгілі "О сол мио" әнін шырқады. Домбырашылар ансамблі мен халық аспаптарында ойнаған трио кеш көрігін қыздырды.

"Мәдени дипломатияға үлкен үлес қосып отыр. Бұл – біздің Италия мен Қазақстанның қарым-қатынасына өте үлкен көмек. Осылай біз дүниежүзіне Қазақстанды танытамыз. Бұл кезде Қазақстанды Италияға, Рим қаласына танытып отырмыз". Қазақстанның Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев

Бұл гастрольге 70-ке жуық студент қатысты. Айдар Торыбаев жетекшілік еткен оркестр күрделі әрі жан-жақты қамтылған бағдарлама ұсына білді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: