Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жол жөндеушілер жұмысқа шығудан бас тартты

Жамбыл облысында жол жөндеушілер жұмысқа шығудан бас тартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 11:03 Сурет: primeminister.kz
Республикалық маңызы бар тас жолды күтіп ұстауға жауапты Жамбыл облысындағы жол қызметінің қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тегі" ақпаратқа сай, бұған кейінгі жыл бойы үздіксіз кешіктіріліп келген жалақының төмендігі себеп болған.

Олардың айтуынша, мердігер компания да зейнетақы төлемдері мен міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлемеген.

Күні кеше түнде облыс орталығына 30-ға жуық жұмысшы келіп, өз мәселесін айтты. Көңілі толмаған қызметкерлер жол жөндеуге қажет техниканың жоқтығына да шағымданды.

"ҚазАвтоЖол" түсініктеме беруден бас тартып, жағдай мердігерлердің мәселесі деп қана айтты.

"Мердігер компания өкілдері жалақы мен әлеуметтік төлемдердің кешіктіріліп жатқанын жоққа шығармайды. Бұл елорданың бас кеңсесінде құжаттардың ұзақ тексерілуінен болған деп сендіреді. Жалақыны көтеруге қатысты олар хат жолдады", - делінген хабарламада.

"Жыл бойы зейнетақы, медициналық жарналар түспеді. Бәрін төлеп жатыр деп алдандық. Сақтандыру төленбегендіктен емханаға бара алмаймыз. Жол жөндеуге қалыпты техника жоқ, қолмен жұмыс істеуге тура келеді".Қайрат Байназаров, жұмысшы

"Шымкентспецкомплекс» ЖШС директорының орынбасары Мақсат Құрмантайдың айтуынша, алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмас үшін барлығы алдын ала бақылауға алынады.

"Наурыз айының басында біз "ҚазАвтоЖолға" жалақыны көтеру мәселесіне қатысты ресми хат жолдағанбыз. Онда жұмысшылардың жалақыны 30% көтеру туралы өтініші көрсетілген. Егер олар ресми жауап беріп, жалақыны көтеруге мүмкіндік болса, біз оны орындаймыз".Мақсат Құрмантай

30 наурызда Қарақия ауданының әкімдігі Жетібайдағы жұмыссыздардың ереуіліне жауап берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: