Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Үлкен дулыға турнирінің жүлдегері атанды

дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 00:27 Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы
Нұрқанат Серікбаев (60 келіге дейін) Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз шешуші белдесуде моңғолиялық Энхтайвани Ариунболдты 1 минуттың ішінде таза ұтты.


Нұрқанат Серікбаев іріктеуді В тобында бастап моңғолиялық Цогт-Очир Бьямбаджавты, оңтүстік кореялық Вон Джин Кимді, сосын әзірбайжандық Назир Талибовты ұтып, топтан шықты.

Ал жартылай финалда украиналық Дильшот Халматовқа есе жіберді.Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Шерзод Давлатов 7-орын алды.

Айта кетейік, Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль алған дзюдошы рейтингте 500 балға ие болады. Бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеуде есепке алынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: