Қазақстанның тас жолдарына айналмалы қоршаулар орнатылады

Қазақстанның тас жолдарына айналмалы қоршаулар орнатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 17:21 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарға айналмалы тосқауыл қойылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, қазір республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының 1246 шақырымында орналасқан қауіпсіздік аралында жаңа тосқауыл қоршауы орнатылып жатыр.

"Бұл құрылғының артықшылығы - конструкциясы соқтығыс энергиясын айналу энергиясына айналдырады. Осылайша барабандардың айналуының арқасында апатқа ұшыраған көлік қоршаудан лақтырылмай, оның бойымен қозғалады. Сәйкесінше, көлік жол бойында қалады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бір айда Ақмола облысындағы Талапкер ауылының маңында Екатеринбург-Алматы тас жолының 1239-шақырымында роликті қоршау орнату жоспарланып отыр.

Жолды жабу туралы ескертуді елемей, ауа райының қолайсыз кезінде жолға шыққан жүргізушілер үшін 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: