Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда паспорт алу үшін мемлекеттік баж ставкасы өзгереді

паспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 22:20 Cурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мемлекеттік баж бойынша төлқұжаттар мен жеке куәліктер қашан берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" №213-VII 2023 жылғы 20 наурыздағы  Қазақстан Республикасының Заңымен заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждың кейбір ставкаларын қайта қарау бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген, - делінген хабарламада.
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендетілді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:

  • 36 бет  – 8 АЕК (27 600 теңге);
  • 48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге).
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты айыппұл 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшерінде белгіленеді.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: