Алакөлге "Астана – Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады

Туризм Сурет: Zakon.kz
Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны 2023 жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚТЖ Алакөлге дейінгі пойыздарда 276 мыңнан астам жолаушы орнын ұйымдастырады

"Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Алғаш рет "Астана – Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазіргі уақытта "Жолаушылар тасымалы" АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны да нақтыланады.  


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз