Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді

Дзюдо Сурет: Instagram/abiba48
Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді, өз кезегінде бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы қызымыз Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысы қатарына енді. Ал ерлер құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшиев (73 кг) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға тұрақтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз