Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының кәсіпкерлері Үлкен Алматы каналымен тиімді бағада шарт жасай бастады

Тариф, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 20:55 Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті
Соның арқасында жергілікті кәсіпкерлер үшін жерді суғару арзанға түседі. Мемлекет басшысының адал бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабар

Бұл арада кәсіпкерлерге бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілер мен жасанды әуре-сарсаңдарды жою есебінен практикалық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінетіні атап көрсетіледі.

"2023 жылы 6 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігімен, ауыл шаруашылығы басқармасымен, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалымен ирригациялық желілер саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг ұсынымының орындалуын талқылау бойынша өңір шаруаларымен кездесу өткізді", делінген хабарламада.

 Ирригациялық желілердің қызмет саласына жүргізілген мониторинг негізінде 3 ұсыным әзірленген болатын:

1. барлық суару желілерін оның теңгеріміне бере отырып, Алматы облысының су шаруашылығының бірыңғай операторын құру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім бойынша бірыңғай тарифті бекіту және арналарды күтіп ұстау жөніндегі міндеттерді айқындау;

2. Прокуратурамен, Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаментімен және облыстың мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ӘКК қызметінде тексеруге бастамашылық етуге;

3. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалымен бірлесіп, оның мүмкіндіктерін талдауды ескере отырып, а.ж. суармалы су беру бойынша шаруа қожалықтарымен тікелей шарттар жасасуды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары негізінде Алматы облысының "Алматы облыстық Су шаруашылығы" коммуналдық кәсіпорны түріндегі бірыңғай Су шаруашылығы операторы құрылды, оның балансына барлық суару желілері (шамамен 680 км) берілді.

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы 2023 жылға 1 шаршы метрі үшін белгіленген тарифпен 0,7 теңгемен шаруа қожалықтарымен тікелей шарт жасай бастады.

Айта кету керек, бұған дейін Үлкен Алматы каналы мен шаруалар арасында шаруаларға су беретін ауылшаруашылық кооперативтері болған. Олар 1 гектарға суды 20 000 – 28 000 теңгеден сатып келген, бұл орташа есеппен бұған дейінгі тарифтің 1 шаршы метрі үшін 2 теңгеден асқанын білдіреді. 


Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 20:55

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті


 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: