Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райы болжанды

Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райы болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 09:46 Сурет: primeminister.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 сәуірде Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

  • көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көздерінің жанында өткізетін уақытты азайтыңыз.
  • Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар өзімен бірге қажет дәрі-дәрмекті ала жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз.
  • Дене шынықтыру мен спорт жабық кешендерде жүргізілуі керек.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: