Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте туберкулезбен ауырған мұғалім оқушыларға сабақ беріп келген

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 22:25 Сурет: pixabay
Шымкентте мектеп мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталды. Мұны естіген ата-аналар баласын сабаққа жіберуден бас тартып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектептің бастауыш сыныптарына сабақ беретін мұғалімді дүйсенбі күні жедел жәрдем әкеткен.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оның туберкулезге шалдыққанын білген соң мектептің ішінде залалсыздандыру жүргізілген. Алайда ата-аналар мектепті уақытша жауып, оқушылар мен ұстаздар түгел тексерілсін деп отыр. 

"Бұл жерде мұғаліммен асхана да, дәретхана да ортақ. Сол жағдай, мұғалімнің сол хәлге жетіп, осы жерден жағдайы нашарлап алып кеткенше, ол қаншама ай ауырды ғой. Біздің бар күдігіміз, талабымыз мектепті тым құрыса, дүйсенбі күнге дейін залалсыздандыруға жапсын. Екіншіден, балаларымыздың барлығын анализден өткізсін".  Шымкент тұрғыны Резвангүл Сәлімова

Санитарлық дәрігерлер "Мектептің іші залалсыздандырылды, оны жабудың қажеті жоқ" дейді. Қазір жұқпалы ауруы бар мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болған 3-сыныптың 77 оқушысы тексеріліп жатыр. Жалпы 1,5 мыңнан астам оқушы мен 119 мектеп қызметкерінен түгел сынама алынады.

"Тексергенде, міне, манту сынамасын жасаймын, оны 72 сағаттан кейін көреміз. Ертең жұмаға белгілеп отырмыз. Бірақ инфекция түсті. Сол инфекцияны біз жоюмыз керек. Инфекцияны жоймай, ата-аналар дәрі ішпеймін, олай істемеймін деп, бізге қарсылық танытса, сол кезде баланың ауырып қалу қаупі бар". №2 қалалық емхананың фтизиатры Мейрамгүл Тойшиева

Ал мектепте 11 жылдан бері істеп келе жатқан әйел биыл наурызда ғана рентгенге түскен. Әріптестері мұғалімнің жөтелгенін көрген емеспіз дейді. Ал мектепті уақытша жабуды қажет деп таппайды.

"Қазір түсініктеме жүргізіп жатырмыз, келмей қалған оқушылармен бірге, ата-налармен сөйлесіп. Дұрыстап айтып жатырмыз. Түсінген ата-аналар баласын оқуға жіберіп жатыр. Ал жібермеген жағдайда ол кісілерге жазып берсін дейміз, онлайнға, егер тіптен қарсы болып жатса, онлайнға жазып берсін, басқа амалым жоқ". Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектептің директоры Құттықыз Ахметова

Қазір СЭС мамандары мен дәрігерлер тексеру бастағанын айтады. Осы уақыттың ішінде мұғалімнің ауруды қайдан жұқтырғанынан бастап, оқушылар мен өзге мұғалімдерге жұқтырған-жұқтырмағаны толық анықталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: