Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін сабап, далаға шығарып тастаған

әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 00:01 Сурет: astanatv
Шымкент тұрғыны жүкті әйелін сабап, далаға шығарып тастаған. 18 жастағы әйел күйеуінен зәбір көргенін айтып шағымданды. Олар некесін тек мешітте неке қидырған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, күйеуі болмашыны сылтауратып қол көтерген. Таяқ жеп жүріп, әлі тумаған сәбиінен де айрылып қалыпты. Ұрып-соққаны аздай, тезек тергізіп, оны жейсің деп желкелеген, тіпті көлікпен де сүйреді дейді. Ал қызының бір жыл бойғы азапты өмірін анасы тек Жансая ауруханаға түскенде бір-ақ біліпті.

"Сол жақта тоқтады машинасымен бірге, маған айтты түс деді. Мен неге дедім, түс деді. Онан кейін түстім. Түскеннен кейін ручкасын ұстап тұрғам машинасының артының, сөйткен ем машинасын бірден басты кетті. Мен де сүйретіліп кетіп қалғам ғой артынан. Жібермеген, ручкасы қалып қойған қолымда. Онан кейін артынан кеттім мен де.. онан кейін қолым бірден жіберілді, тасқа аунағам ғой.. Ішпен құладым. Қол-аяғымның бәрі жара-жара болды".  Жәбірленуші
"Ұрып – соғып жатқанынан дым білген жоқпын. Маған да айтқан жоқ. Қызымның таяқ жегенін кеше ғана білдім. Бәрін сол кезде айтты маған, осындай болды, осындай болатын еді деп. Тіпті іштегі баласын өлтіргенінен де хабарым жоқ еді. Жазасын алсын деймін".  Жәбірленушінің анасы

Алайда Жансаяның күйеуі мұның бірін де растамай отыр. Ол әйелімен мінездерінің үйлеспегенін айтады. Мән-жайды енді полиция анықтамақ. 

"2023 жылы 26 наурызда Шымкент қаласы Самал-3 мөлтек аудан тұрғыны арызданған. Арызында өзінің күйеуі ұратыны жайында көрсеткен. Аталған жәйт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы ПБ полиция қызметкерлерімен қорғау нұсқамасына алынды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен нақты шешім қабылданады".Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бауыржан Қоштаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: