Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда орталық саябақ су астында қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 18:59 Сурет: unsplash
17 сәуірде Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағындағы су құбыры жарылып, апат орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апатқа байланысты саябақ су астында қалды.

"17 сәуірде екі кіші көлдің ортасында орналасқан Орталық мәдениет және дамалыс саябағы судың астында қалды. Оның жанынан 2016 жылы салынған, диаметрі 800 мм-ді құрайтын полиэтилен құбырларынан тұратын магистральды су құбыры өтеді. Құбыр Михайловка, Б.Жырау, Ержанов, Газалиев көшелері мен Ақтас ауылы тұтынушыларына су беруді қамтамасыз етеді. Төтенше жағдай бригадасы болжамды апат орнына шұғыл жетіп, сағат 11:20-да аталған құбыр арқылы су беруді тоқтатты". "Қарағанды су" ЖШС

Жер бетіндегі су сорып алынды, құбыр арқылы су беру тоқтатылды, бірақ аз мөлшерде (сағатына шамамен 30 текше метр) мұнда су келіп жатыр. 


"Диаметрі 800 мм-лік құбырға тексеру жүргізілді, апат пен ақаулар табылмады.  Сағат 14:00-де тұтынушыларға қайта су беріле бастады. Саябақ аумағына пайда болған су зертханалық талдауға алынды". "Қарағанды су" ЖШС

Сумен қамсыздандыру желісі ажыратылып, қайта қосылғаннан саябақ аумағынағы судың көлемі өзгерген жоқ.

"Біздің болжамға сәйкес, саябаққа келіп жатқан су ескі құбырларда жиналған су болуы мүмкін. Жаңасына ауысқанмен, ескі құбырлар сол күйі алынбай, жер астында қалған. Міне, соларға су жиналып, қыста қатып қалды, енді күн жылығанда еріп, жердің бетіне шығып жатуы мүмкін. Осы болжамның дұрыстығына көз жеткізу үшін зертханалық талдауға су алынды". "Қарағанды су" ЖШС

Жиналған суды сорып алу үшін сағат 15: 00-де саябақ аумағына сорғы құрылғысы орнатылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: