Жаңалықтар тізбегі
0

Францияда зейнетақы реформасына наразы электршілер Канн фестивалін болдырмай тастаймыз деп сес көрсетті

Францияда зейнетақы реформасына наразы электршілер Канн фестивалін болдырмай тастаймыз деп сес көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 11:41 Сурет: pxhere
Күшті CGT одағының филиалы Ұлттық кен және энергетика федерациясының мүшелері Канн кинофестиваліне, сондай-ақ басқа спорттық және мәдени шараларға әсер етеді деп күтілетін "Әрекет пен ашудың 100 күнін" жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін президент Эммануэль Макрон француздарға күнделікті өмірді жақсарту үшін 100 күндік іс-қимыл жоспарын ққұруға уәде еткен еді. Жауап ретінде кәсіподақ өкілдері "100 күндік әрекет пен ашу" наразылық акциясын жариялады, деп жазды The Guardian.

"Макрон 100 күн тыныштыққа уәде берді, біз оған 100 күн әрекет пен ашуға уәде береміз! Қазір отставкаға кететін уақыт емес. Канн кинофестивалі, Монако гран-приі, Францияның ашық чемпионаты, Авиньон фестивалі жайына қалуы мүмкін. Біз бас тартпаймыз!"Кәсіподақ мәлімдемесінен

CGT Energy кәсіподағының бас хатшысы Фабрис Кудурдың айтуынша, мақсат – іс-шараларды өткізбей тастау емес, наразылық алаңына қол жеткізу.

"Біз жабулы қазанды жабулы күйде қалдырмағанымызды, ашу әлі де бар екенін және оны мүмкіндігінше барлық жерде көрсеткіміз келеді. Бізге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және тіпті Канн кинофестивалінде де құлақ түргенін қалаймыз. Біздің көзқарасымызды қолдайтын атақты адамдар бар". Фабрис Кудур

Жаңа заңнама ресми зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін ұлғайтады және зейнетақыны толық алу үшін жарнаны көбірек төлеуді талап етеді.

Үш айға созылған наразылықтардан кейін Макрон үкіметі наурыз айында Ұлттық жиналыста дауыс беруден айналып өтетін төтенше конституциялық құралды пайдаланып, заңды парламенттен өткізген.

Мамырдың 16-сы мен 27-сі аралығында өтетін 76-Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары бұл жағдай жөнінде пікір білдірмеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: